Бағыт туралы
Мақсаты мен міндеттері – пайдалы қазбалар кен орындарын игеру саласында жаңа технологиялар жасау.
Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру кезінде тау-кен жұмыстарын жүргізудің тиімділігі мен қауіпсіздігі мынадай міндеттерді шешу негізінде қамтамасыз етіледі:
- тау жыныстары мен пайдалы қазбалардың физикалық-механикалық, геометриялық, деформациялық, реологиялық және технологиялық қасиеттерін зерттеу;
- тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде тау-кен массивінің кернеулі-деформацияланған күйін есептеу әдістерін әзірлеу;
- өндірудің технологиялық схемаларын және тау-кен жұмыстарын жүргізудің оңтайлы параметрлерін әзірлеу.
Бағыттың жабдықтары:
- Электрондық томограф-геосканирлеу жүйесі;
- Минералдық шикізат ресурстарын кешенді игеру міндеттерін шешуге арналған геоақпараттық жүйе;
- «САМАРА» тау-кен жұмыстарын геологиялық-маркшейдерлік қамтамасыз етуге арналған геоақпараттық жүйе;
- Leica Geosystems Suite және IMAGINE сандық фотограмметриялық станциясы;
- GPS жүйесі 1200;
- GPS жүйесі 1200 ровер;
- Электрондық тахеометр;
- Электрондық лазерлік 3D сканер.
Серіктестіктер:
- «ССКӨБ» АҚ, «Шұбаркөл Көмір»АҚ;
- «Проект-Инжиниринг» ЖШС, «ВРУ»ЖШС; «Nova Цинк»ЖШС;
- Санкт-Петербург мемлекеттік тау-кен университеті
- Швейцариялық «Leica» компаниясы.
Бағыт басшысы
Ожигин Дмитрий Сергеевич
Ағa oқытушы, «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының магистрі. ҚарМТУ-да «Маркшейдерлік іс» траекториясы бойынша 5В050707 «Тау-кен ісі» мамандығын бітірген. 6М074900 «Маркшейдерлік іс» мамандығы бойынша магистратураны бітірген және 6D050707 «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша докторантураны бітіріп, ағымдағы жылдың қараша айында 6D050707 «Тау-кен ісі» бойынша PhD докторы дәрежесін иеленуге диссертация қорғау жоспарланған. Зертханалық және практикалық сабақтар жүргізеді. Оқу ісі заманауи технологияларды қолдану арқылы жүргізіледі. Кафедраның ғылыми жұмыстарына белсенді түрде ат салысады.