Жобаның мақсаты мен міндеттері – пайдалы қазбалар кен орындарын қазу саласында жаңа технологиялар жасау.
Пайдалы қазбалар кен орындарын қазу кезінде тау-кен жұмыстарын жүргізу тиімділігі мен қауіпсіздігі мына міндеттерді шешу негізінде қамтамасыз етіледі:
- тау жыныстары және пайдалы қазбалар массивтерінің физика-механикалық, геометриялық, деформациялық, реологиялық және технологиялық қасиеттерін зерттеу;
- тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде тау жыныстары массивтерінің кернеулі-деформацияланған күйін есептеу әдістерін әзірлеу;
- тау-кен жұмыстарын жүргізудің оңтайлы параметрлері және өндірудің технологиялық сұлбасын әзірлеу.
Бағыт жабдықтары:
- ДМ12 қысқыш тензометрі;
- ИСМ 190 сынама аспабы;
- ДОСЭ-3-20У үлгілік динамометрі;
- ДОРЭ-3-10У үлгілік динамометрі;
Серіктестері:
- «Жәйрем КБК» АҚ ;
- «Васильков ТБК» АҚ;
- «ҚР Тау-кен құтқарушыларының ғылыми-инженерлік орталығы» РМҚК ;
- «НПК Экотехнология» ЖАҚ (Киев қ., Украина);
- «Машзавод №1» ЖШС;
- «Industrial Energy Alliance/Индастриал Энерджи Альянс»;
- «АрселорМиттал Темиртау» АҚ.