Жобаның мақсаты және міндеттері – пайдалы қазбаларды байыту саласында жаңа технологиялар жасау. Жобаны іске асыру шеңберінде келесі міндеттерді шешу жорамалданады:
- түсті металдар кендерін сұрыптап байыту кезінде флотация тиімділігін 2-3%-ға арттыру;
- мыс-сульфидті минералдар мен галенит бетінің физика-химиялық қасиеттерін зерттеу;
- флотациялық реагенттерді синтездеу және олардың қасиетін зерттеу;
- минералдарда флотациялық реагенттерді хроматография әдісімен сорбциялау процестерін зерттеу;
- дифференциалды-термиялық және спектр-фотометриялық талдау әдістерін пайдаланып, мыс пен қорғасынның сульфидті минералдарының бетін гидратациялау дәрежесін зерттеу;
- минералдарды және полиметалл рудаларды сұрыптап флотациялау үшін флотациялық реагенттерді таңдау.
Бағыт жабдықтары:
- Қолданбалы компьютерлік басқарылатын спектр-фотометр
- ИР-1м3 ротациялық типтегі буландырғыш;
- 75 Т-ДРМ дірілді қажағыш;
- ДЩ 100х200 ұсатқышы;
- ММ301 дірілді шарлы диірмен.
Серіктестері:
- «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС «Балхашцветмет» ӨБ;
- «НПК«Механобр-техника» ААҚ (Санкт-Петербург қ., Ресей);
- «Ж.Әбішев атындағы химия-металлургиялық институты» ЕМК;