«

»

Распечатать Запись

Бағыт туралы

Жобаның мақсаты мен міндеттері – пайдалы қазбаларды қайта өңдеу саласында жаңа технологиялар жасау, бұған келесілер енгізіледі:

-  Қазақстан Республикасында өндірістің жаңа саласы – кондициялық емес минералдық шикізаттан (соның ішінде металлургия және энергетика өндірісі қалдықтарынан) бәсекеге қабілетті өнімді шығаруға мүмкіндік беретін ұнтақты металлургия өндірісінің жаңа саласын құру үшін теориялық және технологиялық негіздерді әзірлеу;

-   жалпы машина жасауда тағайындалған бұйымдарды өндіру, бұл жақын және алыс шет елден осыған ұқсас өнімді тасымалдауды 50%-ға қысқартуға мүмкіндік береді.

-  Зерттеулер шығу тегі әр түрлі ұнтақталған минералдық шикізаттан (металл ұнтақтары, глиноземді және кремнеземді массалары, шлам, қож, күл және т.б. түріндегі металлургия және жылу-энергетика өндірісінің қалдықтары) ұнтақты металлургия әдістерімен қалыпталған бұйымдарды өндірудің технологиялық процестерінің теориялық негіздерін әзірлеуге бағытталған.

Бағыт жабдықтары:

- УИП-3-440-0,0005 балқытпалы индукциялық пеш;

- УПИ-120-2 балқытпалы индукциялық пеш;

- Vibramax 100/110 шағын габаритті орбиталы шейкер;

- HYDROPRESS 50 баспақ;

- МК-4Ф кеніш типтес ферритометр;

- МК-3Э типтес автоматты магнитті қондырғы.

Серіктестері:

- «Ж.Әбішев атындағы химия-металлургиялық институты» ЕМК;

- «Машзавод №1» ЖШС

- «АрселорМиталл Темиртау» АҚ.

Постоянная ссылка на это сообщение: http://lip.kstu.kz/kz/ba-y-t-turaly-5/

Қарағанды мемлекеттiк техникалық университетi 100027,Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 56 Е-mail: kargtu_lip@mail.ru