Мақсаты мен міндеттері – берілген қасиеттері бар перспективалық материалдарды жасау, оларды қара және түсті металлургия мен машина жасауда әрі қарай пайдалану мақсатында құрылымдық процестерді зерттеу, бұған келесілер енеді:
- материалдар құрылымының қалыптасу ерекшеліктері мен заттық құрамын тексеру;
- металл материалдардың микроқұрылымын зерттеу;
- металл мен қорытпалардың сынуларына фрактографиялық зерттеулер жүргізу;
- үстіңгі беттік түрлендіруден кейін элементтердің таралуын зерттеу;
- бұйымдардың үстіңгі беттік беріктендіру технологияларының ғылыми негіздерін әзірлеу.
Бағыт жабдықтары:
- Металл-графиялық талдауға арналған сынамаларды дайындаудың зертханалық кешені;
- ДФС-71 эмиссиялық спектрометр;
- Микрорентгеноспектрлік талдауға арналған микрозонд бар Tescan Vega\\ растрлық электрондық микроскоп;
- Виккерс бойынша микро ISOSСAN OD қаттылық өлшегіш.
Серіктестері:
- «ИПКОН» ЖШС;
- АО «АрселорМиталл Темиртау»;
- ҚМИУ;
- «ОКБ Спектр» ЖАҚ (Санкт-Петербург қ., Ресей);
- «Экситон Аналитик» ЖАҚ (Санкт-Петербург қ., Ресей);
- «Мелитек» ААҚ (Мәскеу, Ресей).