«

»

Распечатать Запись

Бағыт туралы

Мақсаты мен міндеттері – тау-кен металлургия кешенінің және басқа өнеркәсіп салаларының технологиялық процестерін автоматтандыру құралдарын және мониторингісін әзірлеу кезінде жаңа технологиялар жасау, бұған енеді:

-  жарылыс-қауіпті өндірістер үшін технологиялық ортаны және электр жабдықтарын апат алдында және апаттан кейін бақылау жүйесін құру;

- технологиялық желілерді автоматтандыруды бағдарламалық-аппараттық құралдармен қамтамасыз ету;

- электрмен қамту желілері бойынша технологиялық ақпаратты берудің автоматты жүйесін құру;

- микро-контроллер негізінде электротехника және жергілікті автоматиканың бірегей бағдарламалық-аппараттық құралдарын әзірлеу, дайындау және енгізу.

Бағыт жабдықтары:

      Жарылыс-қауіпті өндірістер үшін технологиялық ортаны және электр жабдықтарын апат алдында және апаттан кейін бақылау жүйесін құруға арналған зерттеушілік бағдарламалық – аппараттық кешен апат алдында және апаттан кейін автономды жүйесін құру, шахта атмосферасының күйін бақылаудың компьютерлік жүйесін құру, қорғаныш құралдарын жасау үшін қажетті әр түрлі физикалық шамалардың датчиктерін енгізеді, олар бақыланатын кеңістікте болатын процестер туралы негізгі ақпарат көздері болып табылады.

Серіктестері:

- «Karatek» ЖШС;

- «БАТЫР» ЖШС;

- WoelkeIndustrieelektronik GmbH (Эссен қ., Германия).

Постоянная ссылка на это сообщение: http://lip.kstu.kz/kz/ba-y-t-turaly-7/

Қарағанды мемлекеттiк техникалық университетi 100027,Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 56 Е-mail: kargtu_lip@mail.ru