«

»

Распечатать Запись

Бағыт жетекшісінің түйіндемесі

Исабек Туяк Копеевич

 Т.ғ.д., ПҚКҚ каф. проф. Исабек Т.К.

     1972 жылы Қарағанды политехникалық институтын “Пайдалы қазбалар кен орындарының жер астында барлаудың технологиясы мен кешенді механикаландыру”мамандығы бойынша бітірді. 1972 жылдан бастап 1974 жылға дейін взвод командирі, Совет Армияның қатарында батареяның аға офицері болып қызмет етті. 1974 жылдан бастап 1977 жылға дейін “Западная”  ПО “Қарағанды көмір” шахтасында тау-кен мастері, өндіру аймағының орынбасары болып жұмыс істеді. Қарағанды Мемлекеттік Техникалық университетінде 1977 жылдан бастап жұмыс істейді. Ғылыми-педагогикалық қызметінің бүкіл кезеңдерін-аға инженер, ғылыми қызметкерден профессорға дейін өтті. 1985 жылы кандидаттық диссертацияны қорғады (жетекшісі проф.Квон С.С.).

1977 жылы Социалистік Еңбектің қаҺарманы, НАН ҚР А.С.Сагиновтың басшылығымен доктордық диссертациясын қорғады. 1999 жылдан бастап ПҚКҚ кафедрасының профессоры болып табылады. 2000 жылы ЖАК-мен профессор ғылыми дәрежесі берілді. 2001 жылдан  2004 жылға дейін оқытудың қысқартылған түрі факультетінің деканы, 2004- 2008 жылдар аралығында тау-кен факультетінің декан қызметін атқарды. 2008 жылдан бастап академик Сагинов А.С. атындағы пайдалы қазбалар кен орындарын барлау кафедрасының жетекшісі болып табылады. Ғылыми зерттеулері Қарағанды көмір бассейнінің жергілікті аймақтарын және орналасуы қиын жағдайда болған қыртыстарын өңдеумен байланысты. Қазіргі кезде көмір және газ кенет лақтырумен қауіпті қыртыстардың өтеу технологиясын дамыту және жетілдіру проблемасы бойынша жұмыс істейді.

Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 32 жыл. 150-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбектері шығарылды. Оның ішінде 70-і баспа жұмыс,  1 монография, 8 авторлық куәлік және предпатенті бар.  2 оқулықтың,   3 оқу құралының,  1 электронды оқулығының авторы, барлығы қазақ тілінде. 4 шежіре қазақ тілінде жазылған кітаптардың бірлескен авторы , жалпы көлемі 1500 бет. ҚР-ның Білім және Ғылым Министрлігінің білім саласында бақылау комитетінің сарапшылық кеңесінің мүшесі, Қазақ терминшілердің Қауымдастығының мүшесі. Осындай марапаттарға ие: “Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы озат” (1995),  ҚР Білім беру және Ғылым Министрлігінің құрмет мадақнамасы  (2001),  “ҚарМТУ-дың 50 жылдығы” (2003),  “ҚарМТУ-дың еңбегі сіңген жұмыскер”(2007) “ҚарМТУ-дың  55 жылдығы” (2008).  2009 жылы  “2008 жылдың ең жақсы оқытушы” деген грантқа ие болды.

Постоянная ссылка на это сообщение: http://lip.kstu.kz/kz/ba-y-t-zhetekshisini-t-jindemesi-2/

Қарағанды мемлекеттiк техникалық университетi 100027,Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 56 Е-mail: kargtu_lip@mail.ru