«

»

Распечатать Запись

Бағыт жетекшісінің түйіндемесі

1naguman-223x300

Нагуман Пахчан Нигматуллаевич к.х.н., доцент

ҚарПТИ-дың  “Пайдалы қазбалардың байытуы” мамандығының бітірушісі. Өзінің еңбек қызметін 1970 жылы Қарағайлы тау-кен байыту комбинатында байыту фабрикасының мастері болып бастады. 1976-1979 жылдар аралығында Орджоникидзе қаласында (Солтүстік Осетия) СКТМИ-да аспирантураның күндізгі бөлімінде оқыды. 1978 жылы желтоқсанда техникалық ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне талап ету үшін диссертацияны қорғады. 1979 жылдан 1988 жылға дейін Қарағанды политехникалық институттың Жезқазған филиалында “Пайдалы қазбалардың байытуы” кафедрасының доценті қызметін атқарды. 1988 жылдан  2001 жылға дейін Қарағанды металлургиялық институтының “Пайдалы қазбалардың байытуы” кафедрасының доценті қызметін атқарды. 2001 жылдан қазіргі уақытқа дейін ҚарМТУ-дың өндірістік экология және химия кафедрасының доценті қызметін атқарады. Студенттердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік жасайды, зерттеулердің нәтижесінде ғылыми мақалалар шығарылды. 50-ден аса ғылыми мақалалары, 7 әдістемелік құралдары және оқыту-әдістемелік жоспарлары бар. Өнертабыстың патенттері бар. Айналаны қорғау мәселесімен, пайдалы қазбалардың кешенді өңдеумен айналысады.

Постоянная ссылка на это сообщение: http://lip.kstu.kz/kz/ba-y-t-zhetekshisini-t-jindemesi-4/

Қарағанды мемлекеттiк техникалық университетi 100027,Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 56 Е-mail: kargtu_lip@mail.ru