«

»

Распечатать Запись

Бағыт жетекшісінің түйіндемесі

Ашкеев Жасулан Аманжолович

тех.ғыл.канд., ММжН каф.доц.

Ашкеев  Жасұлан Аманжолұлы

  Ашкеев Жасұлан Аманжолұлы 1964 жылы туған, қазақ, Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетінің “Машина және құю өнеркәсібінің технологиясы  мен құрастыру материалдары ” кафедрасының доценті. 1990 жылы ) ҚарМК-дағы ЖТОО-ны “Қысым көмегімен метал өңдеу” (ҚКМӨ) мамандығы бойынша бітірді. Бітіргеннен кейін машықтанушы, ҚарМК ЖТОО –ның ҚКМӨМжТ кафедрасының оқытушысының ассистенті болып жұмыс істеді. 1993 жылы аға оқытушы қызметіне ауыстырылды, 2002 -2007 жылдар аралығында Қарағанды Металлургиялық институтының  ҚКМӨ кафедрасының доцент қызметін атқарды (2006 жылдан  ҚарМИУ). 2007-2008 жылдар аралығында К.И.Сатпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының   «Металлургия» кафедрасының жетекшісі болып жұмыс істеді  (Екібастұз қаласы).

Жұмыс уақыты кезінде “Созымдылық теориясы”,  “ҚКМӨ теориясы” , “Прокаттау және созу процестерінің теориясы”,  “Ыстық соғу және штамптаудың технологиясы” , “Металлургиялық өнеркәсіптің автоматтандыру”,  “Металлургиялық өнеркәсіптің негіздері” теориялық және технологиялық курстардан дәрістік, тәжірибелік, зертханалық сабақтар қазақ және орыс тілдерінде күндізгі және сырттай оқудың студенттеріне, сонымен қатар магистранттерге берді. Тәжірибелік практиканың барлық түрлерінің, дипломдық жобалардың жетекшісі болып, дипломдық жобаларды қорғауда МАК-тың мүшесі болды.

1999 жылдың маусымда Қазақ ұлттық техникалық университетінде (ҚазҰТУ, Алматы) диссертациялық кеңесте К.14.13.01 мамандығы бойынша “Жоғары эксплутациялық қасиеті бар шыңдалған темір алу мақсатында  соғудың тиімді әдісін зерттеу және жетілдіру ” атты кандидаттық диссертацияны қорғады.

2008 жылдың сәуір айында ҚР-ның білім беру және ғылым саласында бақылау комитетімен “Металлургия” мамандығының доценті болып танылды.

Негізгі ғылыми-әдістемелік жұмыстары 53 баспа жұмыстарда көрсетілген, оның ең маңыздылары:

1.Тең каналдық матрицалар даярлауларын басуда жылжымалы күштердің анықталуы және контактылы кернеудің таралуы. “Металлургиядағы ғылыми-техникалық прогресс” халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның еңбектері. Теміртау. 2005. б.367-372.

2.Тең каналды сатылы матрицада дайындаулардың деформациялану процессін зерттеу // Жоғ.оқу орын.жаң., Қара металлургия.2005. №2. б.16-19.

3. Көлденең жылжумен прокаттау кезінде металды дестеумен ұстау шарты. Республикалық ғылыми журнал «Металл және екінші қайтара материалдарының өндіру технологиясы». Теміртау. 2006. №2. б.108-112.

4. Тең каналды сатылы матрицада дүбірлі күйдің анықтауы және басудың күші. К.И.Сатпаев атындағы ЕИТИ халықаралық конференциясының мағлұматтары. Екібастұз. 2008. б.262-266.

Жалпы жұмыс өтілі 28 жыл, ғылыми-педагогикалық қызметінің өтілі 19 жыл.

Постоянная ссылка на это сообщение: http://lip.kstu.kz/kz/ba-y-t-zhetekshisini-t-jindemesi-5/

Қарағанды мемлекеттiк техникалық университетi 100027,Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 56 Е-mail: kargtu_lip@mail.ru