“Минералдық шикізат ресурстарын кешенді игеру” инженерлік бейінді сынау зертханасы (ИБЗС “МШРКИ”) Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетінің негізінде ҚР БҒМ 2007 жылдың 15-ші наурыз күнінен бұйрығымен және 2007 жылдың 30-шы наурыз күнгі № 12 хаттама Ғылыми Кеңесінің шешімі бойынша құрылды.
Қазақстан Республикасының жылдамдатылған индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасын (ЖИИДМБ) қабылдауда Тұнғыш Президент Н.А.Назарбаев: “технопарктер, өнеркәсіп орындарында, өнеркәсіпті аймақтарда, АЭА, бизнес-инкубаторларда, ашық типті ұлттық және инженерлік бейінді зертханаларда тәжірибелік-өндірістік аумақтарды құрып дамыту” туралы ерекше көңіл бөлді.
Инженерлік бейінді зертхананың дамуы “Мақсаты-мемлекеттің кен-металлургиялық комплекстің серпінді, болжамдалатын және бәсекелес дамуына жоғары технологиялық, экспортқа бағытталған жоғары бағалы өнім алуға бағытталған инновациялар енгізу негізінде жағдай жасау болатын КМК-ның өнеркәсіптік-инновациялық дамуымен” тығыз байланысты. (ЖИИДМБ 2010-2014)