2017 жылы 17 — наурызда ҚарМТУ – ға және зертханаға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Марғұлан Карибеков келіп, лабораторияның жұмысы және ғылыми-зерттеу саласындағы жетістіктерімен танысты. Зертхананың ең жаңа қондырғылар және өзекті жобалары көрсетілді. Сонымен қатар, Марғұлан Сибирьұлы ЖОО-ның ғалымдарымен жеке-жеке сұқбаттасып, кейбір ғылыми жобалардың ерекшеліктері жайлы сұрастырып, өңірлік өндіріс салаларына енгізу мүмкіндіктері туралы пікірлерін білді.
Постоянная ссылка на это сообщение: http://lip.kstu.kz/kz/oblys-kimini-orynbasary-armtu-a-keldi/