«

»

Распечатать Запись

ИБСЗ “МШРКИ” жетекшісі

                                                                                                                 Ожигина Светлана Борисовна

 12

«МШРКИ» ИБСЗ жетекшісі, доцент

Ожигина Светлана Борисовна, 1966 жылы туылған, 1988 жылы Қарағанды политехникалық институтын (ҚарПТИ) «Маркшейдерлік іс» мамандығы бойынша үздік бітірді, «Тау-кен инженер-маркшейдер» біліктілігі берілді. Институтты бітірген соң, «Карагандагипрошахт» институтының ашық тау-кен жұмыстары бөлімінде жобалаушы болып, III категориялы инженер қызметін атқарды. 1994 жылы Екібастұз көмір бассейні бойынша ашық тау-кен жұмыстары бөлімінде тау-кен тобының меңгерушісі қызметіне тағайындалды. 1996 жылы ашық тау-кен жұмыстары бөлімі секторының меңгерушісі. 1999 жылы ғылыми іспен, сондай-ақ «Алаш»  АҚ және ЗАО «Центргеолсъемка» еңбек келісімшарттар бойынша жобалық жұмыстармен айналыса бастады. 2001-2006 жылдары Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті (ҚарМТУ) «Маркшейдерлік іс және геодезия» (МІжГ) кафедрасының аға оқытушысы.

2006 жылдан 2017 жылға дейін ҚарМТУ «Маркшейдерлік іс және геодезия» (МІжГ) кафедрасының доценті.

2017 жылдың ақпанынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚарМТУ-нің «Минералдық шикізат ресурстарын кешенді игеру» инженерлік профильді сынақ зертханасының меңгерушісі («МШРКИ» ИПСЗ).

1998 жылы Қазақстан Республикасыныңэнергетика, индустрия және сауда Министрінің 25.09.1998ж. бұйрығымен еңбек қызметіндегі жоғары жетістіктері үшін III дәрежелі «ШАХТЕРЛІК ДАҢҚ» белгісімен марапатталды.

2006 жылы 25.00.16 — «Тау-кен өндірістік және мұнайгазкәсіпшілік геология, геофизика, маркшейдерлік іс және жер қойнауын геометрлеу» мамандығы бойынша «Күрделі құрылымдық кенорындары үшін ашық кеніш қиябеттерінің тұрақтылығын есептеу тәсілдерін жетілдіру» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.

2012 жылдан бастап – экология мен өмір қауіпсіздігі Еуразиялық Халықаралық академиясының корреспондент-мүшесі.

Тау-кен ісі, геомеханика және маркшейдерлік іс саласы бойынша маман, «Маркшейдерия, геомеханика және жер қойнауының геометризациясы» ҒЗЗ-ның меңгерушісі (2006-2016 ж.ж.), ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар бойынша Тау-кен факультеті деканының орынбасары (2006-2010 ж.ж.), философия докторы (PhD), 6D070600 «Геология және пайдалы қазбалар кенорнын барлау», 6D071100 «Геодезия» және 6D070700 «Тау-кен ісі» мамандықтары (2014ж.) «Тау-кен ісі» бағыты бойынша докторы (профиль бойынша) ғылыми дәрежесі берілетін докторлық диссертацияларды қорғау бойынша ҚарМТУ Диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы, 2011 жылдан бастап  «Шұбаркөл қөмір» АҚ ҒЗЖ орындауға шар.келісімшарттар тақырыптарының ғылыми жетекшісі: «Шұбаркөл көмір кенішінің кемер қиябеттері, жағдаулары және ішкі үйінділерінің тұрақтылық жағдайын зерттеу».

160-тан астам ғылыми еңбектері бар, оның ішінде 11 монография, авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы 2 куәлік, 6 оқу әдістемелері басылып шыққан, 40-тан астам ЭОС, 12 типтік оқу бағдарламалары жасалған.

Тау-кен ісі, геодезия және картография саласында кадрларды дайындау бойынша ғылыми және оқытушылық істі белсенді жүргізеді.

 

        Негізгі марапаттары және жетістіктері:

1. III дәрежелі «ШАХТЕРЛІК ДАҢҚ» белгісімен марапатталды.

2. «Тау-кен ғылымының үздігі» Құрмет белгісімен марапатталды.

3. Обладатель звания  «Лучший преподаватель вуза 2015 года».

4. Қазақстан Республикасыныңэнергетика және минералды ресурстар МинистрініңҚұрмет грамотасымен марапатталды.

4. «Академик А.С. Сағыновқа 100 жыл» Мерейтойлық медалімен марапатталды.

6. Экология мен өмір қауіпсіздігі Еуразиялық Халықаралық академиясының корреспондент-мүшесі.

Постоянная ссылка на это сообщение: http://lip.kstu.kz/kz/zerthana-zhetekshisi/

Қарағанды мемлекеттiк техникалық университетi 100027,Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 56 Е-mail: kargtu_lip@mail.ru